СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығына бірінші сатыдағы соттармен 7913 азаматтық іс өндірісімен аяқталып, оның ішінде 4242 іс шешім шығарумен қаралған, яғни, іс өндірісімен қаралынған істер 1603 іске азайған, шешім шығарумен қаралынған істер 955 іске 18,4 % азайған. Жамбыл облысы соттарының 2022 жылдың алты айындағы азаматтық істер бойынша сот төрелігін атқарудың барысы туралы Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков мәлім етті.