АҚПАРАТТЫҚ-КЕҢЕС АЛАҢЫ
1 min read
Биыл қазақстандық кеден мен салық органдарының құрылғанына — 30 жыл. Кәсіби мерекеге орай Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Mart» сауда орталығында облыс орталығының тұрғындары үшін ақпараттық алаң ұйымдастырды. Мақсаты: шаһар тұрғындарын пайдалы мәліметтермен қамтамасыз етіп, қабылдау өткізу, сауалдарға жауап беру.