АЗИЯНЫ БАҒЫНДЫРҒАН ДАНИЯРДЫ ЖЕРЛЕСТЕРІ КҮТІП АЛДЫ
1 min read
4-7 тамыз аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы елордалық жекпе-жек сарайында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтті. Құрлықтық біріншілікте төрт күн бойы татами шеберлері жеке және аралас-командалық жарыстарда мықтыларды анықтады. Жамбылдық дзюдошы Данияр Шамшаев 73 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды. Ал күні спортшыны жерлестері күтіп алды.