КӨКТЕМГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
1 min read

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда. ҚР ҰҚК Шекара қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметіне іріктеу аяқталғаннан кейін, жергілікті әскери басқару органдары Қарулы Күштерге шақыру жұмыстарын бастады. Жамбыл облысынан биыл әскерге шамамен 1700 адам шақырылуы жоспарлануда. Мұнда күн сайын шақыру комиссиялары жұмыс істейді: дәрігерлер жас жігіттерді қарап, жеке істерін зерттеп, медициналық қарсы көрсетілімдер бар-жоғын тексереді.