«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҚАЗЫНАСЫ – ДОМБЫРА» АТТЫ ДОМБЫРА PARTY ӨТТІ

Бүгінде Тараз қаласындағы Қ.Рысқұлбеков саябағында «Қазағымның қазынасы – домбыра» атты домбыра пати өтті. Наурыз мерекесіне орай өткізілген аталмыш шараны Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі және «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.