КӨРІСУ КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ
1 min read

Бүгін Тараз қаласындағы «Аулие-Ата» халықаралық әуежайы мерекелік көңіл-күйдің орталығына айналды. Көрісу күніне орай, көктемнің келуін және жаңаруды білдіретін бұл мейрам аясында үлкен мерекелік шаралар өтті. Көрісу күні – халқымыздың ежелгі дәстүрлерінен бастау алатын мейрам. Осы күні адамдар бір-бірімен бет көрісіп, денсаулық, бақыт пен береке тілейді. «Аулие-Ата» әуежайында қонақтарды қарсы алудың қалай өткенін алдағы шараға қатысып қайтқан әріптесімнің сюжетінен көріңіз!