ОҚУШЫЛАР ТЕГІН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІРМЕЛЕРГЕ БАРЫП ЖҮР
Қазақта «Адам болатын бала алысқа қарайды» деген тәмсіл бар. Бала мықты болып өсуі үшін дұрыс тәрбие мен білім қажет. Тағы бір мәселе – балалардың қызығушылығын тауып, уақытын тиімді ұйымдастыру. Қазір асық ойнап, доп қуатын, балшықтан ыдыс жасап, тығылмақ, қуыспақ ойнайтын бала аз. Есесіне мектептен келе сала қас қарайғанша телефонға шұқшиып отырған жас көп. Олардың санын азайту мақсатында шаһарда түрлі үйірмелер жұмыс істеп тұр. Яғни, балалар тегін шығармашылық үйірмелермен қамтылған.