ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫ: ЕРЛІК ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖЫРЫ
1 min read

Бүгінде Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен облыстық ардагерлер кеңесі Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай Ы. Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде салтанатты концерт ұйымдастырды. Ауқымды жиынның басты мақсаты- ардагерлер арасында халық шығармашылығын жандандырып, асыл қасиет пен тәлім-тағылымды насихаттау болды. Концертте әртүрлі ұрпақтың талантты орындаушылары, ән композициялары арқылы Ұлы Отан соғысының батырлары туралы, халықтың ерлігі мен төзімділігі туралы еске салды.