ИННОВАЦИЯ ЖОЛЫНДАҒЫ МУЗЕЙ ПЕДАГОГИКАСЫ
1 min read

Таразда «музей педагогикасы белсенді оқытудың инновациялық технологиясы ретінде: тәжірибе, үрдістер, перспективалар» атты республикалық конференция өтті. Жамбыл облысы бойынша «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы қызметкерлерінің тағылымдама нәтижелері бойынша ұйымдастырылған іс-шара музей педагогикасын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін жетекші сарапшыларды, педагогтар мен музей қызметкерлерін жинады. Конференция Білім беру үдерісіндегі мұражайлардың рөлін арттыруға бағытталған тәжірибе мен идеялармен алмасу алаңына айналды.