«АСЫЛ АНА – ӨМІР ШЫРАҒЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ
1 min read

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні Меркі ауданында ерекше салтанатпен аталып өтті. Мереке таңертең аудан әкімі Ербол Жиенқұловтың қатысуымен бастау алды. Әкім алдымен ардагер ұстаздар мен көпбалалы аналарды қабылдап, оларды жеке-жеке құттықтап, гүл шоқтары мен сыйлықтар табыстай отырып, жылы лебізін білдірді.