МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚ ӨСІРУДІ КӘСІП ЕТУДЕ
1 min read

«Ауыл аманаты» жобасы 2019 жылы пилоттық жоба ретінде басталып, қазіргі уақытта елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Бұл бағдарлама ауыл тұрғындарына өз кәсіптерін дамытуға мүмкіндік беріп, ауыл шаруашылығын әртараптандыруға жол ашты. Меркі ауданының тұрғыны Айткүл Мусилимова осы жобаның көмегімен кәсіпкерлігін дамытып, өз тәжірибесінде жобаның тиімділігін айқындады.