БАЛАЛАРДЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН

2024 жылы AMAKIDS орталығының оқушылары мен ұстаздары Катардың Доха қаласында өткен олимпиадаға қатысып, тамаша нәтижелер көрсетті. Осы жетістіктерді атап өту мақсатында, Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында орталық үлкен шара ұйымдастырды. Мерекелік іс-шарада жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді. Орталықтың ұйымдастырған шарасы балалардың жетістіктерін атап өту мен олардың зияткерлік дамуын қолдаудың маңызды көрінісі болды. Катардағы олимпиадада жеңіске жеткен оқушылар мен ұстаздардың табыстары – ментальді арифметика бағдарламасының тиімділігін айқын көрсетеді. Алғыс айту күні мерекесі аясында өткен шара балалардың өздеріне деген сенімділігін арттырып, болашақтағы үлкен жетістіктерге жол ашты. Осылайша, білім беру орталығы тек білім беру саласында ғана емес, рухани құндылықтарды ұстану мен баланың әлеуетін толық ашуда да маңызды рөл атқаруда.