АУЫЛ СПОРТЫНА СЕРПІН: БЕСАҒАШТА ЖАҢА КЕШЕН ЕСІГІН АШТЫ
1 min read

Бесағаш ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында құны 447 миллион теңгеге жуық дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Бұл ауыл тұрғындары мен жастар үшін спортпен тұрақты айналысуға жасалған үлкен мүмкіндік. Ашылу салтанатына Жамбыл облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова және ауыл тұрғындары қатысты.