БАЙЗАҚТАҒЫ ЖЕР ДАУЫ УШЫҒЫП ТҰР
1 min read
Байзақ ауданындағы Бұрыл ауылының тұрғындары тиісті жерін ала алмай жүр.Себебі сатылған жерден жердің иесі көп.Айтуларынша ,ауылдың экс-әкімі Ерік Әлиқұлов әкім болған 20 жыл уақытында ауыл жерін көлденең келген көк аттылардан аямаған.Ойға келген бағасына оңды-солды сатып,жалған құжатты жасатып берген.Тіпті қазір кейбір жерлердің 3 иесі бар көрінеді. Яғни, бір жер 3 адамға сатылған.Салдарынан ауыл тұрғындары не жерін, не берген ақшаларын ала алмай жүр.Толығырақ Мағжан Орынбасар өз материалында тарқатып айтады.