«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ»: ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ ҚОРДАЙЛЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Қордай ауданына жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысының «Барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өңір басшысы алдымен аудан тұрғындарымен кездесті. Жиынға бірқатар басқарма мен құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.