ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЛЕГІ
https://www.instagram.com/p/DFMxPwgtU0K/?igsh=d2xic3pkeGtkdjdw
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Алмас Орынбеков бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өткен жылы салада атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
Өткен жылы Қызылорда қаласында 13 438 жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл көлемінде қалалық “Мансап” орталығына жұмыс іздеуші ретінде 26 494 тұрғын жүгінген болса, оның ішінде 13 368 азамат уақытша жұмысқа жолдама алды, 4 534 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу жөніндегі тапсырмасы аясында қалада 5 838 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 131 адам жұмыспен қамтылды.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жоба аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 25 азамат жолданды. Бағдарламаның екінші бағыты – «Жаңа бизнес – идеяларды іске асыру» бойынша 520 азамат мемлекеттік грантқа ие болды. Сондай-ақ, бағдарламаның үшінші бағыты – «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары» бойынша қоғамдық жұмыстарға 3682 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 120 адам, жастар тәжірибесіне 1234 жас маман, «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен 72 жас маман, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасымен 1 адам, «Күміс жас» жобасымен 686 зейнеталды жастағы азамат жұмысқа жолданды.
Айта кету керек, 4591 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленіп, 7415 балаға қосымша төлем, 7 200 балаға жолда жүру ақысы аударылды. 1966 адамға тұрғын үй көмегі көрсетілді. Жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 3346 адамға әлеуметтік төлем жүргізілді. 14 097 мүгедектігі бар адамдар мен балаларға біржолғы әлеуметтік көмек төленді. Сонымен қатар, демеушілер тарапынан 4465 отбасыға көмек көрсетілді.