«АУДАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: АЙҚЫН МАҚСАТТАН БИІК НӘТИЖЕГЕ»
Меркі ауданы білім бөлімінің жылдық есебі бойыншы көшпелі кеңес отырысы өтті. Кеңестің күн тәртібінде ауданда атқарылған жұмыстар мен жетістіктер талқыланды. Бұл іс-шараға арнайы Жамбыл облысының білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары, ұстаздар қауымы қатысып, білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен жетістіктер туралы ақпарат алмасып, болашақтағы жоспарлармен танысты. Сонымен қатар аудандағы № 9 ,44,39,1 жалпы орта білім беретін мектептері сондай-ақ «Өркен» шығармашылық мектебі , «Үміт» оқушылар сарайы 2024 жыл аясында іске асырылған жобалар мен бірқатар жетістіктері жайлы ұсынды.