«ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ФОРУМЫ: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН БИЗНЕСТІҢ ДИАЛОГЫ»
1 min read
Өңірде облыс прокуратурасының бастамасымен инвесторлар мен бизнес құқықтарын қорғау форумы өтті. Кездесуге облыс әкімі, жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, бизнес қауымдастығының өкілдері және инвесторлар қатысты. Форум 2024 жылдың жұмысын қорытындылауға және кәсіпкерлердің кездесетін өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды платформа болды. Сондай-ақ, ол бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы конструктивті диалогты нығайтуға, жаңа бастамалар мен шешімдерге ықпал етті.