ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІ ТАРАТУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ
1 min read

Ұзақ мерзім бойы жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде есірткі таратуға қатысы бар алты адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Ұстау операциялары мен тінту әрекеттері бір мезгілде Тараз қаласында және Жамбыл ауданының жеті нүктесіндегі мекенжайлар бойынша өткізілді.