ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ
1 min read
Кез келген халықтың өзіндік бітімін даралап, мінезін айқындап, рухани деңгейін өлшейтін құралдың бірі – ұлт мәдениеті. Ал, сол мәдениетті шыңдауда рухани-мәдени іс-шаралардың орны бар. Соңғы жылдары Қордай ауданында рухани-мәдени іс-шараларды өткізуге арналған мәдениет үйлерін салуға үлкен көңіл бөлініп келеді. Соның бір айғағы ретінде Қарасай ауылында 180 орындық мәдениет үйі бой көтеріліп, ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне ашылды.