ОБЛЫСТА ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
1 min read
Облыста жел электр станциясына қажетті құрал-жабдықтар өндіретін зауыттың құрылысы басталды. Орталық Азияда теңдесі жоқ зауыттың іргетасын қалау рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ҚР энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжан, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, сондай-ақ Алматыдағы ҚХР бас консулы Цзян Вэй мен Sany Renewable Energy компаниясының өкілдері қатысты.