«ЖІГЕРЛІ ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, Жамбыл облысы әкімі аппараты, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен бүгін «Жігерлі жастар – ел болашағы» атты облыстық жастар форумы өтті. Басқосуға арнайы аймақ басшысы Е.Қарашөкеев те қатысты.