ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ФОРУМ ӨТТІ
1 min read
Бүгін Жамбыл облыстық прокуратура мен облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен «Балалардың қауіпсіздігі – болашақ ұрпақтың кепілі!» тақырыбында балалар құқықтарын қорғау бойынша II Форум өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева, мәслихат депутаттары, судьялар, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, мектеп директорлары және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.