«ТАРАЗ ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін «Тараз қауіпсіз қала» жобасы аясында кеңес отырысы өтті. Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында өткен бұл шарада қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері талқыланды. Отырыс барысында қатысушылар құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтарын қорғау және құқық қорғау органдарына халықтың сенімін арттыру бағытындағы жүргізіліп жатқан шаралар қарастырылды.