ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ БАРЫСЫ МӘЛІМ БОЛДЫ
1 min read
Әкімдердің есеп беруі жалғасуда. Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза ағымдағы жылдың тоғыз айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы мәлімдеме жасады. Баяндамасында аудандағы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, инвестиция, инфрақұрылым және әлеуметтік салалар бойынша қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды.