ОБЛЫС ӘКІМІ ЖУАЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН ТЕКСЕРДІ
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Жуалы ауданына барып, бірқатар нысанның жұмысымен танысты.Облыс әкімі алдымен Қарасаз ауылына ат басын бұрып, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылысын көрді. Мұнда жұмыстар жоспарға сәйкес жүруде. Келер жылы балалар игілігіне берілмек.