«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ ЖӨФ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІС –ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАУ ШЕҢБЕРІНДЕ БАСПАСӨЗ-ТУРЫ ӨТТІ
1 min read

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті БАҚ өкілдерінің басын қосып, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жамбыл Өңірік Филиалы инвестициялық бағдарламасының жобасын іске асыру бағытында атқарып отырған жұмыстары бойынша баспасөз турын ұйымдастырды. Аталған іс-шараға Департамент басшысы, депутаттар, Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және коммуналдық тұрғын – үй шаруашылық басқармасының, «Amanat» партиясының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ-ның және «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының өкілдері қатысты.