«БЕКЕТ-2024» ДАҒДАРЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРҒА ДЕН ҚОЮ БОЙЫНША КЕШЕНДІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ
1 min read
Жамбыл облысында «Бекет-2024″кешенді ведомствоаралық оқу-жаттығуы басталды. Қорғаныс министрлігінің басшылығымен жаттығуға қатысушылар дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде және қауіп-қатерлерге қарсы тұру кезінде түрлі сценарийлерді пысықтайды. Оқу-жаттығу Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін және орталық мемлекеттік органдардың өкілдерімен өтеді.