ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМ ӨКІЛДЕРІН ҚАЛАЙ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ?
1 min read
Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің қоғамға берер пайдасынан бөлек, зияны да жетерлік. Жастар арасында жүргізілген сауалнама қортындысы бойынша діни ақпаратты 50%-ы ғаламтордан алады екен. Қазір барлық әлеуметтік желілерде діни мазмұндағы материалдар белсенді түрде таралуда. Ешқандай діни білімі жоқ азаматтар қай контенттін дұрыс, қайсысы бұрыс екенін анықтай алмағандықтан, дұрыс емес яғни деструктивті діни ұйымдарға тап болады. Бүгінгі күнде облыс бойынша 150 мыңға жуық әлеуметтік желілерде тыйым салынған парақшаларға тіркелген азаматтар бар.