«АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!» АТТЫ АКЦИЯ
«Сақ болыңыз, алаяқ!». Интернет арқылы айласын асырған алаяқтардың қатары жыл санап төмендеп келеді. Бірақ сан соғып жатқан халық жоқ деп айтуға келмейді. Мәселен Жамбыл облысы бойынша ағымдағы жылдың 6 айында 186 адам сан соқса, өткен жылдың 6 айында 210 адам алаяқтардың арбауына түскен. Яғни биыл бұл көрсеткіш едәуір төмендеген. Алаяқтардың арбауынан қарапайым халықты сақтау үшін құзырлы орган өкілдері «Абайлаңыз, алаяқтар!» атты акция өткізуде.