«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ
1 min read
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдауға 39,1 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күні бұл қаржының 14,2 млрд. теңгесі облыстағы 10 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидия ретінде төленіп, игерілді. Егін және мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы нәтижесінде жыл басынан бері салада 92,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,0%-ға артты. Бұл жөнінде бүгін баспасөз алаңында жауапты маман мәлім етті.