СУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШЕТІН МАМАНДАР ДАЯРЛАНУДА
1 min read
Үкімет еліміздің су шаруашылығы саласындағы маман тапшылығын жоюға мықтап кірісті. Оның айқын көрінісі су шаруашылығы және ирригация университетінің құрылуы. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды. Осыған орай, Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің қатысуымен семинар өтті.