ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ХАЛҚЫ 1152,1 МЫҢ АДАМДЫ ҚҰРАЙДЫ
Биылғы мамырда Жамбыл облысының халқы 1152,1 мың адамды құрады. Жыл басынан бері өңір тұрғындарының саны 2,2 мың адамға өсті. Қалалық жерлерде 461,7 мың адам, ауылда – 690,4 мың адам тұрады.Бұл туралы облыстық статистика департаментінің басшысы Ерназар Құлтаев айтты.