«ШЕКАРА – 2024» БІРЛЕСКЕН ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ
1 min read
Қордай ауылындағы Ноғайбай би атшабарында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынына қатысушы мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтарында табиғи өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі келісімді іске асыру аясында «Шекара — 2024» атты оқу-жаттығуы өтті. Шараға көршілес Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері және Жамбыл облыстық ТЖ департаментінің, Тараз қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қатысты.