ЖОЛ САЛАСЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
2024 жылы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге жалпы 23,3 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаражат есебінен 16,5 шақырым көше жолдары мен 1 көпірді құрылыспен, 3 шақырым жолды қайта жаңғыртумен және 631,9 шақырым жолдарды орта жөндеумен қамту жоспарланған. Бұл туралы баспасөз брифингінде басқарма басшысы баяндады.