ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ КИНОЗАЛ АШЫЛДЫ
1 min read
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Балаларды қорғау күніне орай пайдалануға берілген «Digital Bridge» кинозалының ашылу салтанатына қатысты. Жаңа кинозал «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау» орталығының базасында құрылған. Сондай-ақ, блыс әкімі «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығында ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысып, жамбылдық барша балаларды айтулы күнмен құттықтады.