ТАБИҒАТЫ ТАҢҒАЖАЙЫП ТҮРКІСТАН
Тарихы терең Түркістан. Бұл қалаға келіп саяхаттау, оның көне де көрікті жерлерін аралау көпшіліктің арманы. Қала аумағына жыл сайын ағылып келіп жатқан туристер сөзіміздің дәлелі. Атының өзі аңыз болған қала жұртты несімен таңқалдыруда? Көпке қызық болған дүние бізге де қызық болды. Расында, Түркістан қандай қала? Туристер мен тұрғындарды мұнда жетелеген себеп қандай? Әріптесім Наргиза Төреқұл анықтап көрді.