ЗАҢГЕРЛЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
1 min read
Бүгін «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында заңгерлердің мобильді қоғамдық қабылдауы өтті. Мұндағы негізгі мақсат-халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға тегін құқықтық кеңес беру, мүмкіндігінше мәселесінің заң аясында шешілуіне ықпал ету болып табылады.