«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНДАҒЫ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
1 min read
Бүгін «AMANAT» партиясының Тараз қалалық мәслихатындағы депутаттық фракция отырысы өтті. Ақ жағалылармен өткен басқосуда фракцияның 15 мүшесі төбе көрсетті. Аталған жиналыста 3 мәселе қаралды. Айта кетсек шаһардың алдағы жылу маусымына дайындық барысы туралы, Әскердегі тәртіпті күшейту, әскердегі әлімжеттіктің алдын алу және ондағы азаматтардың жауапкершілігін күшейту мақсатындағы жұмыстың барысы туралы және де «AMANAT» партиясының қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мүшелерінің депутаттық міндеттерін атқаруы туралы болды.