«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРЫ» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬДІҢ ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТТІ
1 min read
Бүгінгі таңда ұлт санасының өсуін қамтамасыз етудегі ұстаздар еңбегі елеулі орында тұрғаны анық. Ел еркіндігі сөз болған тұста өзіндік құнды қырларымен ұрпақ өміріне білім-тәрбие дерегін сіңіріп келе жатқан ұстаздарға деген құрметімізді сездіріп отыру адамгершілік іс. Соның нақты айғағы — барша білім саласы қызметкерлерінің арасында дәстүрлі мерекеге айналған «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты педагогикалық ұжымдар көркемөнерпаздары шығармашылығының фестивалі.