БЕЙ-БЕРЕКЕТ ҚОҚЫС АЛАҢДАРЫ ЖОЙЫЛДЫ
1 min read
ҚР Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысында су тасқынына ұшырамаған өңірлерде «Таза Қазақстан» экологиялық науқанын өткізуді тапсырған болатын. Осыған орай, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың тапсырмасымен республикалық сенбілік аясында экология департаменттері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен бей-берекет қоқыс үйінділерін жою бойынша баспасөз-туры өткізілді.