ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ДАМЫП КЕЛЕДІ
1 min read
2004 жылы ұлттық спорт түрлерін облыста дамыту мақсатында «Әулие-Ата» ат спорты клубы» құрылған болатын. 2017 жылы Жамбыл облысы әкімінің қаулысымен аталған клуб «Ұлттық спорт түрлерінен «Әулие-Ата» кәсіпқой клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Алғашқы ашылғаннан бастап тек ұлттық ат спорты түрлерінен спортшылар дайындалатын болса, қазіргі таңда мекемеде ұлттық спорт түрлерінің 8 түрінен 304 спортшы жаттығады. Олармен 14 білікті жаттықтырушылар жұмыс жасайды. Атқарыған жұмыстар мен алдағы жоспар бүгінгі баспасөз алаңында айтылды.