"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР – ҚОҒАМНЫҢ БІР БӨЛШЕГІ

Бүгінде біздің қоғамда қарапайым, 12 мүшесі сау азаматтардан бөлек, мүмкіндігі шектеулі адамдар тобы да бар. Олардың мүмкіндігі шектеулі болғанымен, құқықтары шектелмеген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүруі мен өмір сүруі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған. Мемлекеттен бөлінер қаржы да игеріліп жатыр. Оның дәлелі ретінде өңірлердегі түрлі инватакси, арнайы мамандардың қызметтерін айтуға болады. Одан бөлек мұндай жандардың білім алуына, қоғамнан тыс қалмауы үшін де бірқатар жұмыстар жасалынып келеді. Мысал ретінде, өңіріміздегі көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасын айтсақ болады. Ашылғанына 55 жыл толған кітапхана қызметі жайлы алдағы бейнематериалда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *