"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

КҮЙІК АСУЫ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН ЖОЛ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

1 min read

Республикалық маңызы бар А-2 «Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы-Қорғас» автожолының 546-557 км (ескі Күйік асуы) учаскесі Жамбыл облысының Жамбыл және Жуалы аудандары арқылы өтеді. Бұл учаске арқылы негізінен жүк көліктері жүреді. 1970 жылдары салынғаннан бері аталмыш жолдың бұл учаскесінде қайта немесе күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Жол жүргені үшін осы учаскеде ақы алынбайды. Автокөліктердің қауіпсіздігі мен тұрақты қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ техникалық сипаттамаларды жақсарту үшін 2023 жылдың желтоқсан айында жалпы ұзындығы 12,3 км болатын осы учаскеде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісімшарт жасалды. Аталған жұмысты жүзеге асыру 2024-2025 жылдарға жоспарланған. Бүгінгі таңда дайындық жұмыстары жүргізіліп, техника мен жеке құрам жасақталуда. Сонымен қатар, көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін жол шұқанақтары мен шұңқырларын жөндеу бойынша уақытша шаралар атқарылуда.

Айта кетейік, 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру үшін осы аумақта көлік қозғалысына шектеу енгізу жоспарлануда. Көлік ағынының барлық түрлері үшін Күйік асуы арқылы жаңадан салынған айналма жол арқылы қозғалысты ұйымдастыру жоспарланған.

Анықтама:
«Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Шымкент – Тараз учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы» ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №585 бұйрығына сәйкес 2021 жылдың 23 қарашасынан бастап жол ақысы алынады. Ақылы учаскенің ұзындығы 89,3 км құрайды және 4 аумаққа бөлінген. Жеңіл көліктер үшін жол ақысы 120 теңгені, жүк көліктерге жүк көтергіші мен жүру бағытына қарай 550 теңгеден 2810 теңгеге дейін құрайды. Осы бұйрыққа сәйкес 632 шақырымнан 593 шақырымға дейінгі жол учаскелері (Жамбыл облысының шекарасынан бастап Evrascon мердігер компаниясы қайта жөндеу жүргізетін учаскеге дейін) және Күйік асуының 557 шақырымнан 546 шақырымға дейінгі жаңа айналма жолына ақы алынбайды.Сонымен қатар, Күйік асуы арқылы өтетін ескі жол да тегін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *