Е.ҚАРАШӨКЕЕВ: ЖАМБЫЛ АУДАНЫ КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛАЙЛЫ
Әр деңгейдегі әкімдер халықпен тұрақты түрде кездесулер өткізуі керек.Мемлекет басшысының бұл сөздері уақыт өткен сайын өз жемісін беріп, әкімдердің халықпен кездесулері үздіксіз жалғасуда.Бұл тұрғыда Жамбыл облысы әкімінің атқарып жатқан жұмыстары жайлы айтпау мүмкін емес.Қала халқын ғана емес аудандарды да басты назарда ұстап,аудандықтармен тұрақты кездесулер өткізіп жүрген өңір басшысы бүгін Жамбыл ауданына жұмыс сапарын жасап, халықпен кездесті.