ТАРАЗДЫҚТАР ҰЛТТЫҚ КИІМДІ ҰЛЫҚТАДЫ
1 min read
Биылдан бастап 14-23 наурыз аралығында халықтық мерекені тойлауға арналған Наурызнама онкүндігі жарияланды. Онкүндіктің бесінші күні ұлттық киімге арналды. Айтулы күнді тараздықтар айрықша сән-салтанатымен атап өтті. Мерекеге орай «Көне Тараз» кешенінде «Ұлттық киім трендте» акциясыұйымдастырылды.