ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАРҒА МОЛ МҮМКІНДІК
1 min read
Елімізде «ZHAS PROJECT-2024» жобасы басталды. Жоба аясында өз кәсібін бастауға ниетті жастарға қайтарымсыз 1 млн тг көлемінде гранттар беріледі. Бастысы жоба әлеуметтік мақсатта болуы керек. Биыл ілкімді істің игілігін 280 қазақстандық көре алады. Оның ішінде NEET санатындағы жастарға басымдық беріледі.