ОБЛЫС ӘКІМІ МЕРКІ АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ ТЕКСЕРДІ
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданына барып, аудан тұрғындарымен кездесіп, өтініштеріне жіті назар аударды. Аймақ басшысы ауданға қатысты әлеуметтік желілерде көтеріліп жүрген көптеген мәселелерді атап өтіп, оларды шешу бойынша тиісті басқармаларға, аудан әкімі мен оның орынбасарларына, бөлім басшыларына нақты міндеттер жүктеді.