"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ЖАЙЫЛЫМНАН ЖЫЛҚЫ ҰРЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

1 min read

Жамбылда жайылымнан жылқы ұрлағандар ұсталды. Осылайша тәртіп сақшылары «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында қылмыстық топтың іс-әрекеттерін әшкереледі. Тергеу барысында күдіктілердің алдын ала сөз байласу арқылы Байзақ, Жамбыл аудандарының аумағындағы жайылымдардан бірнеше рет жылқы малын ұрлап, содан кейін оларды сойып, сатумен айналысқаны белгілі болды. Ұсталған азаматтардың алдын ала сөз байласу арқылы Байзақ, Жамбыл аудандарының аумағындағы  жайылымдардан бірнеше рет жылқы малдарын ұрлап, содан кейін оларды сойып, сатумен айналысқандары белгілі болды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ, олардың бұдан басқа 4  мал ұрлау дерегіне қатысы бар екендігі және ұрланған 5 жылқы малын сойып сатқандығы анықталды. Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. «Мал ұрысы» республикалық iс-шарасы облыс аумағында жүргізіліп жатқанын еске сала кетейік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *