МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРГЕ 40 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ БЕРІЛДІ
1 min read
Жамбыл облысындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына 40 санитарлық жедел жәрдем көлігі табысталды. Ағымдағы жыл соңына дейін тағы 30 бірлік қызметтік көлік беріліп, тозу деңгейі 47 пайыздан — 18 пайызға дейін төмендейді деп күтілуде. Салтанатты шарада осылай деген аймақ басшысы, саланы дамытуға бағытталған мұндай қолдаулар ауыл халқының тұрмысын жақсартуға, ана мен бала өліміне араша түсуге септігін тигізуі тиіс екендігін атап өтті.